жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 10:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қанат Исламның кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

Қанат Исламның кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
ашық дереккөзі
Қанат Исламның кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды
Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Қанат Исламның (28-0, 22 КО) келесі қарсыласы кім болатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап. «Қазақтың» рингке оралуы 2022 жылдың 21 қаңтарында АҚШ-тың Флорида штатына қарасты Плант-Ситиде өтеді. Боксшының қарсыласы британдық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болмақ. Манчестердің 29 жастағы тумасы соңғы жекпе-жегін өткізгеніне көп уақыт өткен жоқ – 12 желтоқсанда Экклсте үшінші раундта өз отандасы Гарри Мэттьюсті (16-50-3, 2 КО) нокаутқа жіберді. 2015 жылы Келли WBO нұсқасы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін оның сол кездегі иегері – Лиам Смитпен жұдырықтасты, алайда сол кезде техникалық нокаутпен жеңіліп қалған болатын. Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 20 ақпан күні Майамиде өткізген. Эквадорлық боксшы Джейсон Миндумен(14-5-1, 8 КО) болған жекпе-жектің жетінші раундында қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген. Бұл – қазақстандық боксшының 2019 жылдан бері рингке бірінші шығуы еді
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар