дүйсенбі, 16 ақпан, 2026 19:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қанат Ысқақов мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Қанат Ысқақов мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz
Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі мәлімдеді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жетекші маманы болып бастаған.

Әр жылдары әртүрлі мемлекеттік құрылымдарда, соның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісінде, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚР Мемлекеттік Хатшысының хатшылығында, ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында жұмыс істеді.

2012-2021 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі қызметін атқарды.

2021-2023 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.

 

 

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар