дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қандастарға арналған жаңа сайт іске қосылды

Қандастарға арналған жаңа сайт іске қосылды
ашық дереккөзі
Қандастарға арналған жаңа сайт іске қосылды
«Отандастар қоры» әзірлеген erulik.kz веб-платформасының тұсаукесері өтті.
Erulik.kz дегеніміз – Отанына қоныс аударуға бел буған қандастарға арналған веб-платформа. «Сайттың басты мақсаты – Қазақстанға көшіп келуге шешім қабылдаған қандастарға басымдыққа ие 5 облыстың (Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейімен таныстыру және қоныс аударуға қолайлы елді мекендерді таңдауға мүмкіндік ұсыну», делінген баспасөз хабарламасында. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырмасымен әзірленген веб-платформа арқылы Қазақстанға қоныс аударуды жоспарлаған кез келген қандасымызға орналасқысы келетін елді мекенге қатысты 21 көрсеткіш бойынша жан-жақты ақпарат беріледі. Атап айтқанда, сайтта елді мекендердегі бос тұрғын-жайлар, инфрақұрылым, әлеуметтік мекемелер, экономикалық әлеует туралы толыққанды ақпарат бар, сондай-ақ аймаққа фото шолу жергілікті атқарушы органдармен бірлесе ұсынылады. Сонымен қатар көшіп келген сәттен бастап көші-қон үрдісінде талап етілетін құжаттар, бейімдеу, балаларды балабақшаға, мектепке орналастыру, медициналық қызметтерді алу, тіпті кәсіпкерлік бастаудың оңтайлы тетіктері бойынша ақпарат беріледі.
 
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар