Жаңалықтар

Ғани Бейсембаев отставкаға кете ме

Ғани Бейсембаев отставкаға кете ме

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отставкаға кетуін талап еткен ұстаздарға пікір білдірді, деп хабарлайды Жамбылинфо  El.kz  ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі кулуарда министр журналистердің «Мұғалімдер сіздің отставкаға кетуіңіз талап етіп хат жазуда. Бұл жағдайды қалай қабылдадыңыз?» деген сұрағына жауап берді.

Осыған дейін ұстаздар қауымы министрдің отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялаған еді. Себебі, олардың сөзінше аттестация тапсырудың қиындау мәселесі шешілмей отыр. Ғани Бейсембаев сарапшылар аттестация ережесі мен жобасы ұстаздар мен педагогтердің талабына сай келетінін айтқан.