Жаңалықтар
Анкарада Бауыржан Момышұлы туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтті
- авторjambylinfo.kz
- 24 желтоқсан, 2021
- 183
Анкарада Бауыржан Момышұлы туралы жаңа кітаптың тұсаукесері өтті
Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Кеңес Одағының батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты қолбасшысы, әскери стратег және белгілі жазушы Бауыржан Момышұлының 111 жылдығына орай түрік ғалымы Ашур Өздемірдің «Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабаплайды ҚазАқпарат тілшісі. Іс-шараға түрік зиялы қауым өкілдері, қазақ және түрік студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында сөз сөйлеген Елші Абзал Сапарбекұлы биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы екенін және еліміздің егемендігін алғаш болып мойындаған бауырлас Түркияның орнының ерекше екеніне тілге тиек етті. Осыған байланысты Елші Түркияда көптеген іс-шаралардың өткізілгенін еске салып, бүгінгі іс-шараның да тәуелсіздік мерейтойына және қазақтың біртуар батыры әрі жазушысы Бауыржан Момышұлының рухына тағзым және оның 111 жылдығына тарту екенін атап өтті. Абзал Сапарбекұлы мұндай іс-шаралардың мәдениет пен әдебиетті дамытуда ерекше орын алатынын және екі ел арасындағы бауырластықты одан әрі дамытатынын айтты. «Бауыржан Момышұлы Кеңес одағы азаматы және Қызыл армия қолбасшысы. Дегенмен де ол өмір бойы ұлттық болмысын сақтап, ұлттық рухын биік көтеріп өткен өз халқының бел баласы. Сондықтан ол сол кезеңде жаппай қолданылатын – ов жұрнағын тегіне алмай, ұлы сөзін қолданып, «Момышұлы» тегін мақтанышпен алып жүрген нағыз қаһарман»,- дейді ол. Шара барысында «Түркістанның от баласы Бауыржан Момышұлы» атты кітабының авторы белгілі ғалым, түрік тілі мен әдебиетінің оқытушысы және аудармашы Ашур Өздемір Түркістанның жүрегі - Қазақстан мемлекетінің тарихына, оның мәдениеті мен әдебиетіне тоқталды
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз