Анна Данилина АҚШ-тағы турнирдің чемпионы атанды
Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында АҚШ-тағы Ландисвилле (Пенсильвания) ITF W100 турнирінің чемпионы атанды.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген А. Данилина америкалық Софи Чангпен бірге финалға қиналмай жетті.
Соңғы бәсекеде қазақстандық-америкалық жұп оңтүстіккореялықтар Хан-На Ли - Джан-Су Йонгпен бас жүлдені сарапқа салды.
Данилина мен Чанг қарсыластарын 2:6, 7:6 (7:4), 11:9 есебімен ұтты.
Осылайша, А. Данилина Халықаралық теннис федерациясы (ITF) өткізген турнирлерде 26-титулына қол жеткізді. Сонымен қатар, WTA жарыстарында үш рет (2021 жылы – Poland WTA-250 және 2022 жылы – Sydney WTA-500, Warsaw WTA-250) жеңімпаз атанған болатын.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жамбыл облысында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі?
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 17:17