дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 8:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады
ашық дереккөзі
Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады
Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады 2022 жылғы 20 тамыз 09:29 Анна Данилина Цинциннати турнирінің жартылай финалына шыға алмады НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 21-ракеткасы Анна Данилина Цинциннати (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазақстандық теннисші бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге ширек финалда жарыстың 7-ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен кездесті. Бірінші партияда Л.Киченок пен Е.Остапенко басым түсті – 6:3. Екінші сетте дәл осындай есеппен Беатрис пен Анна есе қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Л.Киченок пен Е.Остапенко жеңісті жұлып алды – 10:8. Бір сағат 21 минутқа созылған бәсеке барысында Данилина мен Хаддад Майя 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыластары 4 эйспен, 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті. Кейін Л.Киченок пен Е.Остапенко ресейлік Вероника Кудерметова – бельгиялық Элизе Мертенсті 4:6, 7:6 (7:5), 10:5 есебімен ұтып, финалға да шықты. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Цинциннати турнирінің жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар