Жаңалықтар

«Қаншама әйелдің тағдырының сынғанын күтеміз бе»: Бишімбаев ісінен кейін депутаттар Үкіметке шүйлікті

«Қаншама әйелдің тағдырының сынғанын күтеміз бе»: Бишімбаев ісінен кейін депутаттар Үкіметке шүйлікті

Мәжіліс депутаттары атынан Үкімет басшысына сауалды Жұлдыз Сүлейменова жолдады, деп хабарлайдыт Жамбылинфо  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап. «Жемқорлық үшін сотталып, артынан рақымшылыққа ие болған, экс-шенеунік өз әйелін өлтірді деген күдікпен жантүршігерлік ашық ақпараттардан қоғам дүрбелеңге түсті. Жығылғанға жұдырық демекші, араға 1 апта уақыт салмай, Талдықорғандағы полицияның қызды зорлау фактісі есеңгіреген қоғамға одан сайын соққы болды. Бұл фактілер, аталған ауыр қылмыстар зорлық-зомбылық мәселесіне қайта назарымызды салып отыр», - дейді депутат. Сүлейменованың айтуынша, депутаттардың ұсынысымен 3 жыл бұрын бірнеше қатаң өзгерістер заңнамаға енгізілген. Оның ішінде, тұрмыстық зорлық-зомбылық болған жағдайда, қазір хаттама жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары жеткілікті. Тараптардың қайта татуласу мүмкіндігі алынып тасталынып, енді сотта татуласу мүмкіндігі жоқ. Бірақ аталған нақты өзгерістердің өзі отбасындағы әйелдерді қорлауға қажетті деңгейде тоқтау салмай отырғандығы қынжылтады дейді ол. Соның салдарынан жүздеген қазақстандық әйелдер өмірінен, денсаулығынан және болашаққа деген үмітінен айырылып отыр. Депутат келтірген зерттеулерге сәйкес, 2021 жылы үйдегі зорлық-зомбылықтың сотқа тек 40 пайызы жеткен. Ал ондай абьюзерлерге көбіне кешірім беріліп, босаған, ал олардың тек 39 пайызы ғана 2 сағаттан 3 тәулікке дейін әкімшілік қамауда отырған.

Қыркүйектің басында балаларға және отбасындағы әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылықты тоқтату мақсатында, аманаттық-депутаттар арнайы заң жобасын тез арада әзірлеген. Үкіметтік емес ұйымдар, белсенді эксперттер, мемлекеттік органдармен бірлескен кеңейтілген Фракция отырысында заң жан-жақты талқыланып, пысықталған.

Осы ретте депутаттар келесі шараларды ұсынады.