Жаңалықтар

«Қансыраған. Киімдерін жуып тастаған»: Алматыда балабақшадағы үш жасар қыз қорланды

«Қансыраған. Киімдерін жуып тастаған»: Алматыда балабақшадағы үш жасар қыз қорланды

Алматы тұрғыны балабақшаға апарған үш жастағы қызының айуандыққа тап болғанын айтып, жаға ұстатар жайтты жайып салды, деп хабарлайды Жамбылинфо Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.

Балабақша бастығының бассыздығына шағымданған жалғызбасты ананың сөзінше, тәрбиешілер  мектепке дейінгі тәрбиелеу мекемесіне жүрген қызының жыныс мүшесінен қан кеткен айтып, шақырған.  Бүлдіршін расыменде көп қан жоғалтқан. Дәрігерлер баланы шұғыл ауруханаға алып кеткен.

Оқиғадан соң сот медициналық экспертиза жасалған. Ал балабақша басшысы бейнебақылау камерасындағы жазбаны ауыстырып тастаған, көрсетпеген. Тіптен бүлдіршіннің іш киімін де жуып, із қалдырмауға тырысқан көрінеді.

Ал Алматы қалалық Білім басқармасы жекеменшік  балабақшаны тексере алмайтындарын айтып отыр. Жекеменшік әріптестік негізде ай сайын мемлекеттен қыруар қаржы алатын балабақшаны тексеруге басқарма қауқарсыз.

Полиция аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.

фото: ғаламтордан