Жаңалықтар

Қант өндіру көлемі 49% артты - АШМ

Қант өндіру көлемі 49% артты - АШМ

Еліміздің 4 облысында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жоғары өсу қарқыны тіркелді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат . «Облыстар бөлінісінде жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің республикалық деңгейден жоғары өсу қарқыны 4 облыста байқалды. Олар: Қостанай облысында – 119,9, Ақмола облысында – 116,5, Маңғыстау облысында – 114,8, Солтүстік Қазақстан облысында 112,2 пайыз өсім тіркелді», - деді министр. Оның атап өтуінше, осы жылдың 9 айында тамақ өнімдерін өндіру көлемі 3,7 пайызға өсіп, 2,1 трлн теңгені құрады. «Бұл ретте, қант өндіру көлемінің 49,8, жарманың 40, өсімдік майының 39,9, жаңа ауланған, салқындатылған немесе мұздатылған балықтың 20,3, ұнның 10,2, өңделген күріштің 8, макаронның 5,8, шұжық өнімдерінің 4,9 % артқаны байқалды», - деді Ербол Қарашөкеев.