Жаңалықтар

Антикор басшысының орынбасары: "Қайтарылған активтерді тағы да талан-тараж етсе мазаққа қаламыз"

The final spritzer

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов журналистерге мемлекетке қайтарылған активтердің тағдырына алаңдайтынын айтты.

Антикор басшысының орынбасары Ұлан Сарқұлов қайтарылған активтер тағы да талан-тараж болса жауаптылар заңмен қудалатынын айтты, - деп хабарлайды, - Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі Orda.kz

Сарқұловтан журналистер:  "Мемлекет бар күш-жігерін салып қайтарып жатқан активтер қайтадан қолды болмай ма?",- деп сұрады. Сарқұлов бұл мәселені өте орынды деп санайды.

"Егер әлеуметтік нысандарды салуға арналған қайтарылған қаражат (мемлекет басшысы бұл қаражаттарды әлеуметтік мақсаттарға бағыттауды тапсырған) тағы да талан-тараж болса мазаққа қаламыз", — деп мойындады антикор басшысының орынбасары.

Ол қайтарылған активтердің ысырап болуына мүмкіндік беретін мемлекеттік қызметшілердің құны көк тиын екенін атап өтті.

"Егер мұндай жағдай кенеттен орын алса, олар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", — деді Ұлан Сарқұлов.