Жаңалықтар

Қантты басқа елдерден сұратып отырмыз – министр

Қантты басқа елдерден сұратып отырмыз – министр

Қантты басқа елдерден сұратып отырмыз – министр Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміз өзге мемлекеттерден қосымша қант көлемін сұратқан. - Қазір 350 мың тонна қант бар. Біз қантты басқа мемлекеттерден сұратып отырмыз. Әлемде қанттың ең ірі жеткізушілерінің қатарында Бразилия, Үндістан және Вьетнам екені белгілі. Бірақ қазір Үндістан да қазір шектеу қойды. Сондықтан келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біз тағы да қосымша 100 мың тонна сұраттық, - деді ведомство басшысы. Ал министр негізгі тауарлар бойынша тапшылық жоқ деп отыр. - Тауарлардың алты түрі бойынша импортқа тәуелділік бар екенін айта кеткен жөн. Бұл импорттәуелділікті төмендетуге бағытталған арнайы бағдарлама бар. Алайда бірқатар азық-түлік өнімдері, мысалы, қантқа қатысты импортқа тәуелдіміз. Қаласаң да, қаламасаң да баға өседі. Өйткені бүкіл әлемде биржа бағасы артып отыр, - деді Бақыт Сұлтанов.