Жаңалықтар

Апат болған аймақтардан 100 мыңға жуық адам құтқарылды

Осы уақытқа дейін азаматтық қорғау қызметтері су басқан мекендерден 97 852 адамды, оның ішінде 32 856 баланы эвакуациялаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мәліметтерге сүйенсек, бүгінге дейін су басқан елді мекендерде 8,8 млн. м3 еріген қар суы сорылған. Сонымен қатар, 1,4 млн. астам қапшық және 1,1 млн. тонна инертті материал төселген. Төтеншеліктер төтенше жағдай жарияланған аумақтан 100 мыңға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге көшірген.

Айта кетейік, еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті деңгейдегі 29 төтенше жағдай жарияланған.