Жаңалықтар

App Store-дан "ВКонтакте" және Mail.ru қосымшалары жойылды

App Store-дан "ВКонтакте" және Mail.ru қосымшалары жойылды

VK компаниясы Apple-дың шешімі бойынша App Store-дан өз қосымшаларының жойылғанын растады, - деп хабарлайды  РИА Новости. Дүйсенбіде VK қосымшалары, соның ішінде VK Play, "VK музыкасы", "VK клиптері" және "VK мессенджері", VK Play және "VK Admin", сондай-ақ, "Mail.ru поштасы"және "Mail.ru облако" App Store-дан табылмады.

"ВКонтакте" баспасөз қызметі мәліметінше, VK Apple-ге App Store-да компанияның бірнеше қосымшасы бұғатталғанына байланысты түсініктеме беру туралы өтініш жіберген.