Жаңалықтар

Аптап ыстықтан Испанияда бір айда 2,1 мың адам қайтыс болды

Аптап ыстықтан Испанияда бір айда 2,1 мың адам қайтыс болды

Карлос III денсаулық институтының мәліметінше, Испанияда ауа температурасының шамадан тыс жоғарылауынан 2176 адам көз жұмды. Ресми мәліметке сәйкес, 2015 жылдан бері болған өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші тіркеліп отыр. Испанияның отбасылық және жалпы тәжірибелік дәрігерлер қоғамының өкілі Лоренцо Арментерос адамдардың дені жылу стресінен қайтыс болып жатқанын айтады. «Өлім-жітімнің көбіне жылу стресі себеп болған. Ол бірден бірнеше мүшеге кері әсерін тигізіп, көптеген мүшелер қызметінің істен шығуына және соның салдарынан өлімге әкелуі мүмкін», - деді Лоренцо Арментерос. 11-17 шілде аралығындағы аптада Испания жалпы Еуропада өлім көрсеткіші ең жоғары ел болды. Зерттеушілер бұған себеп ретінде аптап ыстық, коронавирус індетінің салдары және марқұмдардың егде жасын атайды. Қайтыс болғандардың көпшілігі – 85 жастан асқандар. Елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Испания биыл екі рет аптап ыстықты бастан өткерді, ондағы ауа температура бірнеше күн қатарынан Цельсий бойынша 40 градустан асқан.