Жаңалықтар

Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер елдің қай өңірінде ауа райы бұзылатынын айтты

Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер елдің қай өңірінде ауа райы бұзылатынын айтты

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 5-7 қыркүйек күндеріне арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz , Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап. "Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, синоптиктер алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел соғады деп болжап отыр.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде 2-10 градус жылы, күндіз 10-20 градусқа дейін сәл көтеріледі.