Жаңалықтар
Қар астынан қарасораны қазып, жинаған азамат ұсталды
- авторjambylinfo.kz
- 17 қаңтар, 2024
- 492
Қар астынан қарасораны қазып, жинаған азамат ұсталды
Полиция қызметкерлері Меркі ауданы Тәтті ауылының маңындағы құмды аумақта жабайы қарасораны жинап, дайындап жүрген 51 жастағы тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Жамбылинфо polisia.kz-тің телеграм каналына сілтеме жасап.
Тінту кезінде одан 3,8 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, есірткіні жеке пайдалану мақсатында жинаған. Өз ойын іске асыру үшін алдын ала 50 келілік қап сатып алған. Ол қар астынан жабайы шөптің сабақтарын қолмен қазып алып, одан кейін өсімдіктің әр сабағын бөліп жинаған.
— Ұсталған адам есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






