Жаңалықтар

Қар құрсауынан бес жолаушы құтқарылды

The final spritzer

Жамбыл облысының Қордай ауданында жолдың жабық учаскесінде екі жеңіл көлік қарға қамалып, ішінде 5 жолаушы қалып қойды

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, -  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы "Трэкол" жол талғамайтын көлігімен оқиға орнына жетіп, азаматтарды қауіпсіз жерге – Отар ауылына эвакуациялады. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, ешкімге медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ тұрғындарды ауа райы туралы ескертулерге назар аударып, қолайсыз жағдайда елді мекеннен тыс сапарға шықпауға шақырады!