Қар, тұман, көктайғақ: 19 ақпанда ауа райы қандай болады
- авторjambylinfo.kz
- 19 ақпан, 2025
- 154

Қазақстанның 16 өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қарағанды облысы – жолдарда көктайғақ. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі.
Ұлытау облысы – көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысында тұман болады.
Жетісу облысы – шығысында, орталығында және таулы аудандарында тұман. Алакөл көлдері маңында жел екпіні 17-22 м/с дейін жетеді.
Маңғыстау облысы – батысында, солтүстігінде және орталығында көктайғақ, солтүстік-шығысында және орталығында тұман.
Ақтөбе облысы – солтүстігінде тұман түседі.
Жамбыл облысы – солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-25 м/с дейін жетеді.
Қызылорда облысы – шығысында көктайғақ, солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.
Қостанай облысы – оңтүстігінде және шығысында қар, жаяу бұрқасын. Солтүстігі мен батысында тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Атырау облысы – оңтүстігінде және шығысында қар, жаяу бұрқасын.
Батыс Қазақстан облысы – солтүстігінде тұман.
Солтүстік Қазақстан облысы – солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қар, бұрқасын. Батысы мен оңтүстігінде тұман, ал кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысы – солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түседі.
Түркістан облысы – батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, тұман. Тау асуларында жел екпіні 15-20 м/с.
Абай облысы – солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман.
Ақмола облысы – батысында және солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысы – оңтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтілуде.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Таразда «Шаңырақ күні» перзентханадағы аналарға құрмет көрсетілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 наурыз, 2025