"Қарғын судан құтқарамын деп қаза тапты" ТЖД маманы қызмет уақытында қайтыс болды
- авторjambylinfo.kz
- 6 сәуір, 2024
- 591
Аталған оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қалалық аудандық аурухананың жансауқтау бөлімінде болған. Бекжан Қуанышұлы Балданов Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайрам ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі болған.
"Бекжан Балданов Тайынша қаласына 1 сәуірде Түркістан облысының күштері мен құралдары тобының құрамында су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге көмек көрсету үшін келген. 1 сәуір күні кешке өзін нашар сезініп жатқанына шағымданып, ауруханаға түсті. Ол Петропавл қаласына санавиация көмегімен ауруханаға жатуға дайындалды", - делінген ТЖМ ақпаратында.
Төтенше жағдайлар министрлігі, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз