Жаңалықтар

"Қарғын судан құтқарамын деп қаза тапты" ТЖД маманы қызмет уақытында қайтыс болды

2024 жылғы 2 сәуірге қараған түні 1978 жылы туған Түркістан облысының ТЖД қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

Аталған оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Тайынша қалалық аудандық аурухананың жансауқтау бөлімінде болған. Бекжан Қуанышұлы Балданов Түркістан облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі қызметкері, Сайрам ауданының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі, азаматтық қорғау прапорщигі болған.

Төтенше жағдайлар министрлігі, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі  командирдің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына, әріптестеріне  көңіл айтады.