«Қар, жел, тұман»: Синоптиктер қыркүйек айына болжам жасалады
- авторjambylinfo.kz
- 2 қыркүйек, 2024
- 520
"Қазгидромет" күздің алғашқы айы жауын-шашынды болады деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Синоптиктер қыркүйек айында республиканың басым бөлігінде ауа райы салқын және жауын-шашынды болады десе, ал еліміздің батысында күн жылы болады деп болжап отыр.
"Бұл айда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, жел, тұман болса, солтүстік және орталық облыстарында түнде +2+10°С дейін, топырақ бетінде 2° үсік болуы мүмкін, күндіз +8+15°С дейін суытады, онкүндіктің соңында ауа температурасы шамалы жоғарылауы мүмкін", - делінген ведомствоның хабарламасында.
Ал қыркүйек айының үшінші онкүндігінде солтүстік, орталық және шығыста қар жаууы мүмкін.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз