Жаңалықтар

Дала өрті: Премьер-Министр Төтенше жағдайлар министрлігіне жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды

Тілсіз жау Қарағанды мен Павлодар облысын әбігерге салып жатыр

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Төтенше жағдайлар министрлігіне Қарағанды мен Павлодар облысындағы дала өртін бақылауда ұстауды тапсырды,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жиында ТЖМ Шыңғыс Әрінов Үкімет басшысына ағымдағы жағдай және өртті сөндіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. 

ТЖМ жедел штабы өртті жою үшін барлық шараларды қабылдады. Ауылдың 18 тұрғыны эвакуацияланды.  

Астана қаласы, Абай облысы, Ақмола облысының және басқада да ТЖД күштері мен құралдары қосымша тартылды. Бүгінгі таңда Павлодар облысында өрт оқшауланды, жағдай бақылауда. Бүгін Қарағанды облысында өртті оқшаулау күтілуде.