Жаңалықтар
Қарағанды облысында 1500-ден астам адам дала өртін сөндіруге қатысты
- авторjambylinfo.kz
- 10 қыркүйек, 2022
- 185
![Қарағанды облысында 1500-ден астам адам дала өртін сөндіруге қатысты](https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2022/09/ort-qaraganda.jpg)
Қарағанды облысында 1500-ден астам адам дала өртін сөндіруге қатысты
Қарағанды облысында табиғи өрт ошақтары жойылды. Дала өрттерін сөндіруге 1540 адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
Бір апта ішінде Қарағанды облысында күрделі өрт қауіпті жағдай қалыптасты, соның салдарынан облыстың 5 ауданының аумағында: Бұқар Жырау, Шет, Қарқаралы, Нұра және Ақтоғай аудандарында табиғи өрттер мен жанудың көптеген ошақтары тіркелді.
Мұның себебі облыстың барлық аумағында ауа температурасының жоғарылауы болды.
Өртті сөндіру 20 м/с дейінгі қатты екпінмен және кей аймақтарда таулы жерлер болғанымен қиындады.
«Жедел әрекеттердің арқасында барлық ошақтар жойылды.
Табиғи өрттерді жоюға барлығы 1540 адам және 461 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде: Қарағанды облысы ТЖД 307 адам және 73 бірлік техникасы, өртке қарсы ерікті құралымдар және жергілікті тұрғындар – 1100 адам 358 бірлік техника, 133 адам және 36 бірлік техника орманшылық ұйымдарының техникасы.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз