Қарағанды облысында құтқарушылар қарға батып қалған киікті құтқарды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қарағанды облысының Абай ауданында орналасқан «Тихий залив» демалыс аймағында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары қар құрсауында қалған киікті аман алып қалды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға Топар кентінен 4 шақырым жерде болған. Қалың қарға батып, өздігінен қозғала алмаған жануарды демалыс аймағының келушілері байқап, бірден 112 қызметіне хабар берген.
Қорқып қалған киікке құтқарушылар жедел көмек көрсетіп, оны қар құрсауынан шығарып, қауіпсіз жерге жеткізді.