Қарағанды облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі
Қарағанды облысында төтенше жағдай режимі енгізіледі
Өткен демалыс күндері облыста қатты дауыл салдарынан 100-ден аса ғимаратқа зақым келді. Қираған шатырлардың жалпы ауданы 18 947 шаршы метрді құрады. Бірқатар ауданда электр энергиясы ішінара өшіріліп қалды. Үш қалада және төрт ауданда авариялық жұмыстар жалғасып жатыр.