Жаңалықтар

Қарағанды облысындағы шахтада болған апат: Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтты

Қарағанды облысындағы шахтада болған апат: Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына көңіл айтты

"Қазақстанның Қарағанды облысындағы шахтада болған апат салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қытай Үкіметінің және халқының, сондай-ақ өзімнің атымнан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын", – деп жазылған жеделхатта. Сондай-ақ көңіл айту жеделхаттарын Болгария президенті Румен Радев, Армения президенті Ваагн Хачатурян, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай және басқалар жолдаған.