сейсенбі, 1 қазан, 2024 16:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағанды облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды

Қарағанды облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды
ашық дереккөзі
Қарағанды облысында жол апатынан бүтін бір отбасы көз жұмды
Қарағанды облысында бүтін бір отбасы – ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Бір бала ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты. «26 тамыз күні сағат 23:00 шамасында «Балқаш-Приозерск» автожолында Гүлшат кентінен 23 шақырым жерде Приозерск қаласы бағытына қарай келе жатқан «Опель Вектра» автокөлігін тізгіндеген 35 жастағы жүргізуші жөндеу жүріп жатқан жабық жолға шығып кетіп, 25 жастағы жүргізуші басқарған «Хово» автокөлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен оның 30 жастағы жолаушысы (әйелі), олардың кәмелет жасына толмаған үш баласы оқиға орнында көз жұмды. Бір бала медициналық мекемеге жеткізілді», - деп атап өтті Қарағанды облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қуаныш Зәрубаев. Бұл факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процессуалды шешім қабылданады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар