Жаңалықтар

Қарағандыда бала педофилді ұстауға көмектесті

Қарағандыда бала педофилді ұстауға көмектесті

Ойнап жүрген балаларға бейтаныс ер адам келіп, 10 000 теңге табуға ұсыныс жасайды. Ол үшін тілегін орындауды сұрап, шалбарын шешеді. Оны көрген балалар қорқып, қашып кетеді. Бірақ біреуі ер адамды аңдып, қай жерде тұратынын біліп алып, болған жағдайды анасына айтып береді. Әйел бірден полицияға хабар беріп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.