дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 13:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарағандыда екі баланың мәйіті табылды

Қарағандыда екі баланың  мәйіті табылды
Ғаламтор
Қарағанды облысының тұрғыны өз балаларын өлтірді деген күдікке ілінді

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 және 4 жастағы балалар зорлық-зомбылық белгілерімен табылған. Ауыл тұрғындары анасы балаларын тұншықтырып өлтіргенін айтады. Оның мұндай әрекетке не үшін барғаны беймәлім.Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 

«4 сәуірде Бұқар жырау ауданындағы елді мекендердің бірінде зорлық-зомбылық белгісі бар 2 және 4 жастағы балалардың мәйіті табылды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен балалардың анасы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство тергеу мүддесіне сай өзге ақпаратты жариялауға болмайтынын айтты.

 

Автор: Дамир Қанатов

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар