Жаңалықтар

Қарағандыда пәтерден өрт шығып, 3 адам қайтыс болды

Қарағандыда пәтерден өрт шығып, 3 адам қайтыс болды

Бір тұрғын ауруханада жатыр. Ол пәтер терезесінен секіріп кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі көпқабатты үйдегі өртке газдың жарылуы себеп болмағанын айтты. Бұл болжам расталмаған. "Оқиға орнында газ құрылғылары табылған жоқ. Жылу жүйесі бұзылмаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. Кеше кешке Қарағандыда көпқабатты үйде 30 шаршы метр аумақ отқа оранды.