Жаңалықтар

Қарағандыда терроризмді насихаттаған тұрғын 7,5 жылға сотталды

Қарағандыда терроризмді насихаттаған тұрғын 7,5 жылға сотталды

21 қарашада Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының Теміртау тұрғыны Д.Ш-ға шығарған үкімі күшіне енді. Ол терроризмді насихаттау фактісі бойынша айыпты деп танылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. Тергеу және сот Д.Ш-ның жергілікті тұрғындар арасында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде радикалды діни идеологияны таратқанын анықтады. Қылмыстық іс материалдары оның кінәсін толық дәлелдеді. Ол 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Фигурант ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын соттлған.