Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты
Қарағандыдағы Костенко шахтасында жарылыс болып, 11 адам қаза тапты
Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылды.
Әртүрлі дене жарақатымен 18 кенші ауруханаға түсті.
Оқиға орнында 40 құтқарушы, 10 техника мен 3 психолог маман жұмыс істеп жатыр.
«Қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Біз сіздермен бірге боламыз және осы қиын күндерде сіздерді қолдаймыз», – деп жазды Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев желідегі парақшасында.