Жаңалықтар

Қарағандыдағы жылу желілерінде ірі апат болып, тұрғындар жылусыз қалды

Қарағандыдағы жылу желілерінде ірі апат болып, тұрғындар жылусыз қалды

️Тағы да төтенше жағдай Қарағандыдағы жылу желілерінде ірі апат болып, тұрғындар жылусыз қалды. «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС диспетчерлік қызметі мәліметінше, ЖЭО-1 ауданында жүк машинасы диаметрі 1 метр болатын желіні жұлып кеткен. Бұл жылу энергетика орталығы Қарағандының орталық бөлігін жылытады. Еске салайық, 27 қарашада Екібастұз тұрғындары ЖЭО-да қазандықтардың істен шығуына байланысты жылусыз қалған еді.