Қарағандыда жатақхана өртеніп, 10 адам ауруханаға түсті
Облысытық ТЖД мәліметінше, ғимараттың бірінші қабатындағы қоқыс жәшігінде 1,5 шаршы метр аумақта қоқыс жанған.
Қарағандыда 1 сәуірден 2 сәуірге қараған түні Е.А. Бөкетов атындағы университетінің тоғыз қабатты жатақханасында өрт шығып, 10 студен ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Он студент Мақажанов атындағы ауруханаға және облыстық балалар клиникалық ауруханасына толық тексеріс үшін жеткізілген.