Жаңалықтар

Қарағандылық әйел шұжықтың ішінен тіс тауып алған

Қарағандылық әйел шұжықтың ішінен тіс тауып алған

Қарағандылық әйел шұжықтың ішінен тіс тауып алған. "Бір күн бұрын сатып алған шұжықпен бутерброд жасайын деп ойладым. Бутербродты жеп жатқанда, арасында біртүрлі үшкір зат барын байқадым. Кейін егеуқұйрықтың тісі екенін білдік. Оның көлемі адамның тісінен екі есе үлкен, сіріңке қорабының жартысындай. Енді мен ол тістің ненікі екенін анықтайтын санитарлық қызметке барамын", - деп жазды әйел. Қарағандылықтың айтуынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Жақында дүкеннен алған торттың кілегейінен ұзындығы үш сантиметрге жуық сым тауып алған.