Жаңалықтар

Араб әмірлігінде Хэллоуин мерекесі тойланды

Араб әмірлігінде Хэллоуин мерекесі тойланды

Сауд Арабиясы бір кездері тыйым салынған Хэллоуин мерекесін тойлауға арналған ресми іс-шара өткізді. Бұл әмірліктің елдегі әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға бағытталған тарихи қадамының бірі деп хабарлайды Жамбылинфо Middle East Monitor сайтына сілтеме жасап. 27-28 қазанда «қорқынышты көйлектер» киген адамдар Эр-Рияд бульварының бойымен шеруге шыққан. Әлеуметтік желіде шерудің фотолары тарап кетті. Шара Сауд Арабиясының астанасында өтіп жатқан туристік маусым аясында ұйымдастырылды. Arab News атап өткендей, Парсы шығанағы елдерінде Хэллоуин көптен бері өткізілмесе де, шараға қатысушылар бұл мерекені зиянсыз мереке деп түсінетіндіктерін жеткізді.