бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 0:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарабалаев әкімшілік жауапқа тартылды

Қарабалаев әкімшілік жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Қарабалаев әкімшілік жауапқа тартылды
Тараз қаласының әкімі мен Қарағанды қаласы әкімінің міндетін атқарушы әкімшілік жауапқа тартылды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Ерхан Тәткен мәлімдеді. Әкімдер мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартқаны үшін жазаланды. Тараз қаласының әкімімен бірге оның қол астындағылар да жауапқа тартылды. "Мысалы, Р.Исмазовтың 11.06.2020 жылғы өтініші негізінде агенттіктің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті Тараз қаласы әкімінің аппаратында жоспардан тыс тексеру жүргізді. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде Тараз әкімі А. Қарабалаевқа мемлекеттік қызмет көрсетуден (рұқсат құжатын беру) негізсіз бас тартқаны үшін, Тараз жер қатынастары бөлімінің басшысы Б. Башанов пен қаланың сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А. Бөбеевке мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, жалпы сомасы 152 790 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар