жексенбі, 24 қараша, 2024 11:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қаракөлдегі аққулардың жаппай қырылуы: қымбат қонақ үйдің қатысы бары расталды

Қаракөлдегі аққулардың жаппай қырылуы: қымбат қонақ үйдің қатысы бары расталды
ашық дереккөзі
Қаракөлдегі аққулардың жаппай қырылуы: қымбат қонақ үйдің қатысы бары расталды
Қаракөл көлінде аққулардың жаппай қырылу оқиғасынан кейін "Rixos Aktau" қонақ үйіне айыппұл салынады. Маңғыстау облысының экология департаменті жоспардан тыс тексерістің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz жергілікті Lada.kz порталына сілтеме жасап. Тексеріс барысында Rixos қонақ үйін басқаратын Aktau Tourism Ltd компаниясы экологиялық зааңнаманың талаптарын сақтамағаны анықталды. Осыған байланысты компанияға қатысты екі әкімшілік іс қозғалды: Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 331-бабы 2-тармағы (Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін сол бір құрылысжайға, жабдыққа немесе эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекет); 328-баптың 1-тармағы (Шығарындылардың технологиялық нормативтерін, төгінділердің технологиялық нормативтерін, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерін немесе қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін асыру, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру, сол сияқты қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жұмыс істеп тұрған объектіге жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асыру). Қазір мамандар әкімшілік айыппұлдың сомасын есептеп жатыр. Бұған қоса, экология департаменті тазарту дәрежесін рұқсат етілген нормативтерге жеткізгенге дейін Қаракөл көліне ағынды қалдық суды ағызуды тоқтата тұру немесе ағынды суды қалалық кәрізге бұру қажеттілігі туралы ұйғарым шығарды. Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстауда аққулардың қырылып жатқаны туралы алғашқы ақпарат желтоқсан айының соңында тарады. Әлеуметтік желіде құстардың қырылуына Ақтаудағы Rixos қонақүйінің жерасты құбырынан Қаракөлге ағып жатқан ағынды қалдық су себеп болуы мүмкін екені айтылды. Соңғы деректер бойынша мыңнан астам аққу өлген. Осыдан кейін облыстық экология департментінің мамандары Aktau Tourism Ltd құбырынан ағатын судан сынама алды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар