дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 14:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарашөкеев аймақтағы жалғызбасты аналардың баспана мәселесін шешуді тапсырды

Қарашөкеев аймақтағы жалғызбасты аналардың баспана мәселесін шешуді тапсырды
ашық дереккөзі
Қарашөкеев аймақтағы жалғызбасты аналардың баспана мәселесін шешуді тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аймақтағы көпбалалы, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған және жалғызбасты аналарды қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Әкімнің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу кезінде аналар тұрғын үй мәселесін қозғаған. Дәлірек айтқанда, жалға берілетін пәтерлерді бөлу тәртібі, баспана үшін кезекте тұрғандардың жай-күйі, «Отбасы банк» облыстық филиалының жұмысына қатысты бірқатар мәселелер қозғалды.  width= Қарашөкеев тұрғын үйге кезегінде тұрғандардың тізімін нақтылау ісін биыл наурыз айына дейін аяқтау қажеттігін баса айтты. “Кездесу кезінде облыс әкімі аналардың өтініштері бойынша заң талаптарына сай тиісті шаралар қабылданатынын, әрбір отбасы үшін қолдау тетіктері қаралатынын және жан-жақты түсініктемелер берілетінін атап өтті. Ербол Қарашөкеев Тараз қаласының әкімдігіне және облыстық басқармаларға тиісті тапсырмалар жүктеді”,-деп хабарлайды баспасөз қызметі. Сонымен қатар, әкімнің тапсырмасына байланысты, “Отбасы банк" басшылығы өтініш иелерін қабылдап, олардың мәселелері бойынша толыққанда түсіндіру шараларын жүргізеді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар