Жаңалықтар

«Қарасора-2024»: жамбылдық жігіт жабайы қарасораны жинау кезінде ұсталды

Нәтижесінде жалпы салмағы 61 келі 700 гр марихуана тәркіленген

Жамбыл облысының Меркі ауданында жабайы қарасора жинау кезінде полицейлер 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жамбыл облысы полиция департаментінің мәліметінше, сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес барлығы 39 келі 700 гр «кептірілген марихуана», 22 келі «кептірілмеген марихуана» (жалпы салмағы 61 келі 700 гр) тәркіленген.

Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Ол бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін сотты болған.                                 

.