дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚАТТЫ ЖЕЛДЕН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ҰШЫП КЕТТІ

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚАТТЫ ЖЕЛДЕН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ҰШЫП КЕТТІ
ашық дереккөзі
ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚАТТЫ ЖЕЛДЕН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ҰШЫП КЕТТІ
2023 жылдың 26 қазанында Қаратау қаласында жылдамдығы 16-22 м/с (57-72 км/сағ), желдің екпіні 23-28 м/с (80-100 км/сағ) шамасында оңтүстік-батыстан қатты дауылды жел тұрып, салдарынан сағат таңғы 9.30-дар шамасында Қаратау қаласы, 3 мөлтек ауданы №37 көпқабатты тұрғын үйдің болжаммен 300 ш/м. шатыры балка, рейкаларымен бірге ұшқан, деп хабаралайды Жамбылинфо  Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданы №37 көпқабатты тұрғын үй 1987 жылы пайдалануға берілген. 65 пәтерлі. Көпқабатты тұрғын үйдің шатырының жалпы аумағы 814 ш/м. шатырына соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізілген. Аталған көппәтерлі тұрғын-үй 23.06.2011 жылы кондоминиум объектісі болып тіркелген. Қазіргі таңда, дауылды жел тоқтағаннан соң келтірілген шығын көлемі есептеліп, дер кезінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар