Жаңалықтар

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚАТТЫ ЖЕЛДЕН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ҰШЫП КЕТТІ

ҚАРАТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚАТТЫ ЖЕЛДЕН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ШАТЫРЫ ҰШЫП КЕТТІ

2023 жылдың 26 қазанында Қаратау қаласында жылдамдығы 16-22 м/с (57-72 км/сағ), желдің екпіні 23-28 м/с (80-100 км/сағ) шамасында оңтүстік-батыстан қатты дауылды жел тұрып, салдарынан сағат таңғы 9.30-дар шамасында Қаратау қаласы, 3 мөлтек ауданы №37 көпқабатты тұрғын үйдің болжаммен 300 ш/м. шатыры балка, рейкаларымен бірге ұшқан, деп хабаралайды Жамбылинфо  Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданы №37 көпқабатты тұрғын үй 1987 жылы пайдалануға берілген. 65 пәтерлі. Көпқабатты тұрғын үйдің шатырының жалпы аумағы 814 ш/м. шатырына соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2013 жылы жүргізілген. Аталған көппәтерлі тұрғын-үй 23.06.2011 жылы кондоминиум объектісі болып тіркелген. Қазіргі таңда, дауылды жел тоқтағаннан соң келтірілген шығын көлемі есептеліп, дер кезінде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.