дүйсенбі, 7 қазан, 2024 13:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ардагерге құрмет көрсетті

Ардагерге құрмет көрсетті
ашық дереккөзі
Ардагерге құрмет көрсетті
Бүгін Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылған күні. Осыған орай, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы әділет полковнигі Нияз Рыспаевтың бастамасымен ЖД-158/5 мекемесінің басшы құрамы Ауған соғысының ардагері Қайрат Масатбаевтың шаңырағына арнайы барды. Жылы жүздесуде ҚАЖ қызметкерлері ардагерге құрмет көрсетіп, Нияз Қанатұлының жүрекжарды лебізін жеткізді. - Ауған соғысынан аман оралған ардагерлер бүгінде еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатыр. Сол сұрапыл соғысты өз көздерімен көрген интернационалист-жауынгерлер түрлі салада қажырлы еңбек етуде. Батырларымыздың ерлігі мен даңқын ұмытпай, болашақ ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Өскелең ұрпаққа Ауған соғысының тарихын айта отырып, бойларыңа патриоттық сезімді ұялату – басты парызымыз. Тәуелсіз елімізде татулық пен бірлік болсын, - деді ЖД-158/5 мекемесінің бастығы Бақытжан Шарипбеков. Қайрат Сабырұлы 1963 жылы 22 сәуірде Жамбыл облысында дүниеге келген. 1981 жылы небәрі 18 жасында Ауғанстанға жіберілетін Кеңес әскерінің құрамына шақырылған. Осылайша, әскери борышын өтеуде 1 жыл 10 ай мерзімі қан майданда өткен. 1983 жылдың қазан айында елге оралған ардагер жауынгер бейбіт елдің аспанын бұлт торламаса деген тілегін жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар