Жаңалықтар

Ардагерлер атқарған жұмыстар көпке үлгі

Ардагерлер атқарған жұмыстар көпке үлгі

«Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы  1987 жылы 21 наурызда құрылған. Құрылғалы бері Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының қолдауымен жұмыс атқарып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021 жылы өткен Республикалық ардагерлер ұйымының 8-ші съезінде «Екі миллионнан астам мүшесі бар бұл құрылым – Қазақстандағы ірі қоғамдық бірлестіктің бірі. Бүгінгі бейбіт әрі берекелі өміріміз – аға буынның қажырлы еңбегінің жемісі. Тәуелсіздік кезеңінде жаңа Қазақстанды құру жолында жұмыла жұмыс атқардыңыздар. Мемлекет өздеріңізді жан-жақты қолдауға баса мән берді. «Ардагерлер туралы» заң  - осының айқын көрінісі. Қазақта «үлкенге  - құрмет, кішіге  - ізет» деген ұлағатты сөз бар. Жастар аға буынды әрдайым қадір тұтады, үлгі-өнеге алады. 2022 жылы Арадагерлер ұйымы облыста бірқатар іс-шаралар легін өткізді. Айталық,өткізілген іс-шаралардың саны - 35, ал оған қатыстырылған ардагерлердің саны – 1103, оның ішінде ерлері – 903, әйелдері – 200. БАҚ – та жарияланған мақалалар саны – 245. Ардагерлердің атқарған жұмыстары мен іс-тәжірибелерін таратуда 3 брошюра шығарылды. «Салауатты өмір салтын» насихаттау мақсатында екі рет облыс ардагерлері арасында спартакияда өткізілді, оған 1500 ардагерлер қатысты және аптасына екі реттен  ардагерлер скандинавиялық жүріс ұйымдас тырады. Облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Аналар алқасының» екі рет аймақтық конференция өткізілді, оған 100 ардагер-аналар қатыстырылды. «Ардагерлер белсенділігі – ұйым беделінің бастауы» тақырыбында екі рет аймақтық семинар – кеңес өткізілді, оған 50-ден 100 ардагер қатыстырылды. «Туған жер – киелі мекен» атты айдарымен «Киелі де қасиетті орындарға» ардагерлер мен жастардан жасақталған топпен экскурция жасалынды, оған 100 адам тартылды (Түркістан қаласы, Айша бибі, Ақыртас кешендері). «Әулиеата», «Калинка, «Әжелер», «Аталар» ансамбльдері даталы күндерде  ардагерлерге концерттер ұйымдастырды, оған 100 ардагерлер қатыстырылды. Атаулы күндерге байланысты мұқтаж ардагерлерге бір-бір себеттен және ақшалай, заттай сый-сияпаттар жасалынды, әр адамға он-онбес мың теңге көлемінде, барлығы 100 ардагерге, ал даталы туған күн иелеріне шапан, камзол иықтарына жабылды. Бүгінде облыстағы 130 401 зейнеткердің 113 945 мыңнан астамын, яғни 87,4 пайызды қамтып отырған, аумақтағы басты қоғамдық қозғаушы күштердің бірі болып есептелетін 1 облыстық, 10 аудандық, 2 қалалық ардагерлер кеңесі   және жанынан құрылған онтөрт тұрақты комиссиялар: Ұйымдастыру әдістемелік жұмыстар жөнінде , Мәдениет, спорт, жастар, дін істері, ұлтаралық қатынастар жөнінде , ҰОС және Ауған соғыс ардагерлері жөнінде , Ардагерлердің денсаулығын қорғау жөнінде , Әлеуметтік-тұрмыстық жөнінде , Аналар алқасы жөнінде , ЖОО;Арнаулы орта және мектеп оқушылары жөнінде , Спорт секторы , Мәдени-көпшілік секторы , БҰӨС , Ардагерлер клубы, Әкелер кеңесі , Тексеру комиссиясы , Шығармашылық орталығы  және  ақпараттық-насихаттық топтар облыс қалалары мен ауылдық елді мекендердің тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен өткізген кездесулерінде, дөңгелек үстел басындағы келелі кеңестерде және басқа да форматта өткізілген іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында, бастамаларында қозғалған мәселелерді қазіргі уақытта Үкімет пен жергілікті атқарушы билік тарапынан қолға алынып жатқан ауқымды істердің барысынан мысалдар келтіре отырып түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар ашылып, ардагерлердің мақалалары мен сұхбаттары тұрақты түрде жариялануда. Ағымдағы жылы облыс бойынша 13 Пленум, 48 Төралқа отырыстары, 468 жиын, 35 семинар, 245 ардагерлердің мақалалары, 230 жастармен жиындар, 25790 ардагерлердің тұрмысы зерттелінді, оңалту және сауықтыру орындарына – 6850, БАҚ-қа 3700 дана, 85/2394 спорттық жарыстар, 68 ардагерлердің көркемөнерпаздарының концерті ұйымдастырылды. 566 медиатор- ардагерлер, тұрғындардан 480 өтініш түскен, оның 480 оң шешімін тапқан. «Жаңа замандағы жаңа Қазақстан» құру жолында халықтың түрлі топтарына оның ішінде жастарға тағылымы мол, ұлттық құндылықтар негізінде тәлім-тәрбие беру мақсатында, жастарды заманауи бағытта тәрбиелеп, қоғамда өз орындарын табуларына бағытталған ұсыныстарын бекітіп, жариялылығын қамтамасыз ету және іс-жүзіне асыру барысына облыстағы барлық ардагерлер ұйымдарында кеңінен талқыланды. Алдағы уақыттарда да облыстық ардагерлер кеңесі осындай қарқынмен жұмыстар атқаратын болады.