Жаңалықтар

Аргентина құрамасы Мессиден "айырылып отыр"

Бұл туралы журналист Лео Парадисо жазған

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің жағдайы алаңдаушылық тудырып отыр, деп хабарлайды jambylinfo kz. Vesti.kz.-ке сілтеме жасап. 

37 жастағы футболшы Америка кубогіндегі екі матчке қатысып, онда нәтижелі пас беріп, аргентиналықтарға алты ұпай жинауға көмектесті. Бұл екі ойында оның командасы Канада (2:0) мен Чилиді (1:0) ұтты.

Алайда соңғы ойында ол жарақат алып қалып, Перумен өтетін келесі матчке қатыса алмайды. Ол тіпті ширек финалда да өнер көрсете алмайтын сияқты. Өйткені Месси өткен жаттығуға қатыспапты және Аргентина құрамыснда Лионельдің жағдайын ауыр деп бағалап отыр.