АРХИВТІК ДЕРЕКТЕР – МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА ДӘРІПТЕЛДІ
АРХИВТІК ДЕРЕКТЕР – МЕКТЕП ҚАБЫРҒАСЫНДА ДӘРІПТЕЛДІ
Мектеп оқушылары мен болған кездесуде көне мен жаңаны байланыстыра білген ежелгі Тараз қаласы тарихы тұрғысында өрбіді. Жамбыл облысы мемлекеттік архивінің бөлім басшысы Сағындық Зейнуллаұлы Тараз тарихын Әулиеата кезеңінен бастап әңгімеледі. Іс-шарада архив құжаттары негізінде жасалынған «Әулиеатаның шежірелі жылдары» атты фотоальбомы мен облыстың құрылуынан бастап архивтік құжаттардан жасалынған көрме көрсетілді. Мұнда Әулиеата қаласындағы ат базары, ерікті өрт сөндіру бөлімшесі, Әулиеата қаласындағы алғашқы көлік, әмбебап дүкен, медицина қызметкерлері, қолөнер шеберханасы, өрт сөндіру орны, шіркеу, Әулиеата қаласының 1864 жылғы сызбасы, Әулиеата бекінісі, еңбеккерлер үшін киіз үйден ашылған шаштараз, Қарахан мавзолейі, Әулиеата маңындағы көшпелі ауылдар және т.б басқа суреттер қамтылған. Ғалия АБЫЛАЙ Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының баспасөз хатшысы