Жаңалықтар

Арман Әбдірәсілов Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінде лауазымды қызметке тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

  8 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арман Әбдірәсіловті Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының басшысы етіп тағайындады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Арман Әбдірасылов 1980 жылғы 25 желтоқсанда Ақмола облысында дүниеге келген. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы аталған университеттің Математика және механика ғылыми-зерттеу институтында инженер болып бастаған.

2002 жылғы мамыр мен 2012 жылғы маусым аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық орталығында инженер болып жұмыс істеді.

2013–2020 жылдары – "Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы" заңды тұлғалар бірлестігіне қарасты компаниялар тобының директоры қызметін атқарды.

2020 жылғы тамызда "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингінің басқарма төрағасы болып тағайындалды. Соңғы жылдары "Brain Trust" ЖШС-нің басқарушы серіктесі қызметін атқарған.

Бұған дейін Марғұлан Баймұханның Таиландтағы Қазақстан Республикасының елшісі болып тағайындалғаны хабарланған болатын.