Жаңалықтар

«Арман күні» аталып өтті

«Арман күні» аталып өтті

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында «Арман күні» аталып өтті. Айта кетейік, 1963 жылы 28 тамызында Мартин Лютер Кингтің «Менің арманым бар» («I have a dream») деген сөзі танымалдылыққа ие болған еді. Содан бері Америка Құрама Штаттарында дәл осы күні бейресми «Арман күні» аталып өтіледі.  width= Бейрсеми мереке қарсаңыңда сотты болған азаматтар өз армандарын ақ қағаз бетіне түсірді. Бұл күні арнайы контингент өкілдерінің бірі болашақта қол жеткізісі келетін арман-мақсатын қылқалам арқылы жеткізгісі келсе, өзгесі отбасы мүшелерінің бейнесін салды. Осылайша, алтыннан қымбат уақытын ең жақындарына арнағысы келетінін айтқысы келгендей. Атап өтерлігі, шеберлігімен көзге түскендерге мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс жарияланды.