дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 0:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"АрселорМиттал Теміртауға" екі қатаң талап қойылды

"АрселорМиттал Теміртауға" екі қатаң талап қойылды
ашық дереккөзі
"АрселорМиттал Теміртауға" екі қатаң талап қойылды
Күні кеше бес бірдей кеншінің өліміне себеп болған Ленин атындағы шахтадағы апаттан кейін «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына Үкімет тарапынан қандай талап қойылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жер қойнауын пайдалану үшін бірнеше міндеттеме қойды.
«Бұл компания үшін көмір өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа алғаш рет жыл сайын кемінде 150 млрд теңге көлеміндегі инвестицияны көмір өндірісін жаңғыртуға салу қажеттігі туралы қосымша талап жаздық. Сонымен қатар көмір қатпарларын газдандыру үшін 37 млрд теңге салады. Бұрын мұндай болған емес», – деді Әлихан Смайылов Сенат отырысында.
Еске сала кетейік, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин атындағы шахтасында газ жарылуы салдарынан 5 жұмысшы қаза тапты. Бұдан бұрын президент Тоқаев апаттың мән-жайын анықтап, төтенше жағдайға шынайы баға беру үшін халықаралық компанияны тарту керегін айтқан. Сондай-ақ, кәсіпорынға кешенді тексеру жүргізіп, еңбек қауіпсіздігі мен барлық экологиялық норма талаптарының  сақталуына мән беруді тапсырды. Президенттің тапсырмасынан кейін  сенаторлар еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатайтатын заң жобасын әзірледі.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар